Ұлттық банк Қазақстанның сыртқы қарызы туралы деректерді жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанның сыртқы борышы 167,5 млрд АҚШ долларын, ал сыртқы борыштың ЖІӨ-ге қатынасы 105,9%-ды құрады (кезеңде 2,9%-ға ұлғайды)., деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ҚР Ұлттық банктің ақпараты бойынша, сыртқы борыштың құрылымында бұрынғыша, 62%-ы фирмааралық берешекке, 26%-ы «Басқа секторлардың» байланысты емес кредиторлар алдындағы сыртқы борышына, 8%-ы мемлекеттік сыртқы борышқа (Үкімет және Ұлттық Банк), 4%-ы «Банктер» секторының (ЕДБ және «Қазақстанның Даму банкі» АҚ) сыртқы міндеттемелеріне тиесілі.

Мемлекет бақылайтын ұйымдардың сыртқы борышы 27,4 млрд АҚШ долларын құрады.

Қазақстан Республикасының таза сыртқы борышы 2017 жылғы 4-тоқсанда 2,0 млрд АҚШ долларына өсіп, 45,7 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл ретте мемлекеттік сектор және «Банктер» секторы қалған әлемге қатысты таза кредиторлар ретінде болады, ал «Басқа секторлар» таза қарыз алушылар болып табылады. 

Соңғы жаңалықтар