Ұлттық банк «Халық банкі» мен «Қазком» арасында жасалуы мүмкін келісімге қатысты пікір білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі «Қазақстанның халық банкі» АҚ мен «Қазкоммерцбанкі» АҚ арасындағы келіссөздердің басталғандығы туралы ақпаратқа орай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық банк «Қазақстанның халық банкі» АҚ мен «Қазкоммерцбанкі» АҚ арасындағы келіссөздердің басталғандығы туралы банктердің менджменті мен акционері тарабынан хабар алды. Қаржы нарықтарындағы жаһанданудың жалғасуы және интеграциялық процестердің күшеюі жағдайында банк секторының шоғырлану тенденциясы көптеген елдерге, оның ішінде Қазақстанға да тән», - деді ҚР ҰБ төрағасының орынбасары Олег Смоляков.

Оның айтуынша, мәміле нақты жүзеге асырылғанға дейін банктер Ұлттық банктің келісімін алуы тиіс. Бұл ретте Ұлттық банк банктердің барлық депозиттері мен кредиторларының мүдделерін қорғай алатын, сонымен бірге банк бизнесін тұрақты дамытуға қаржысы бар ірі акционерлерге ғана келісім береді.

«Сондай-ақ қазақстандық заңнамаға сәйкес, «Қазақстанның халық банкі» АҚ мен «Қазкоммерцбанкі» АҚ талқылап отырған мәміленің уақытша шектеуі жоқ екендігіне де назар аудару қажет», - деп атап өтті Смоляков.

Соңғы жаңалықтар