Ұлттық банк БЖЗҚ қаржысын Əзербайжаннан қайтару жолдарына пікір білдірді

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банк Əзербайжан банкінде кеткен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қаржысын қайтару бойынша ұсынылған жолдарға пікір білдірді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан үшін ең тиімді жол ретінде  Əзербайжанның Халықаралық банкі шығарған жаңа облигацияларға ауыстыру ұсынылды - 3,5 пайызбен 7 жыл мерзімге.

Бұған дейін 200 млн доллар көлеміндегі Əзербайжан мемлекеттік құнды қағаздарын 12 жылға 5,125% алу ұсынылған болатын. Немесе Əзербайжан мемлекеттік құнды қағаздарын 15 жылға 3 пайызбен алу нұсқасы қарастырылды. «Қазір Ұлттық банк тəуекелдерді тексеріп жатыр. Барлық вариантта шығын болады»,- деді ҚР ҰБ монетарлық операция департаментінің басшысы Əлия Молдабекова.

Айта кету керек, бүгінгі баспасөз мəслихатында БЖЗҚ активтерін сенімсіз банкке инвестициялаған жауапты тұлғалардың аты аталмады. Алайда белгілі болғандай, мұндай проблемалы мəміле 2014 жылы жасалған.

"Инвестициялық кеңес құрамына ҰБ бөлімшелерінің басшылары кіреді. Ол кездегі критерийлер басқа болды. Яғни Əзербайжан банкінің 50 пайызы қаржы министрлігіне қарады. Құрылымдау оффшордағы компанияда өтті. Қорқатын ештеңе жоқ. Бұл нарықта болатын практика. Проблема біздің үлесіміздің тым үлкендігінде. Өйткені құнды қағаздардың жалғыз иесі - біз. Бүгінгі таңда бұл мүмкін емес нəрсе. Бір субьектінің 25 пайызын ғана иемденуге рұқсат",- деді Ə.Молдабекова.

Соңғы жаңалықтар