Ұлт кубогында Қазақстанның 12 боксшы қызы жартылай финалға шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сербияда өтіп жатқан бокстан Ұлт кубогы халықаралық турнирінде Қазақстанның 12 боксшы қызы жартылай финалға шықты. Тағы төртеуі ширек финалда жұдырықтасады. Бұл жайында ҚазАқпарат Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жыл сайын Сербияда өтетін Ұлт кубогы бокстан қыздар арасындағы ең ірі турнирлердің бірі саналады. Турнирге 51 келі салмақ санатында қатысып жатқан Олимпиада ойындарына қатысушы Жайна Шекербекова әзірше ширек финалға жетті. Ал Қазақстан құрамасының негізгі сапы саналатын 2016 жылғы Әлем чемпионы Дина Жоламан Валентина Хальзова, Ләззат Күнгейбаева жартылай финалға шықты. Жоламан жартылай финалда қытайлық Лин Баомен, Күнгейбаева ресейлік Татьяна Кочедыковамен жұдырықтасады.

Ұлт кубогының финалдық кездесулері 15 қаңтарда өтеді.

Соңғы жаңалықтар