Үлкен Нарында атыс ұйымдастырған экс-полицейге үкім шықты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат -  Өскемен қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында тұрғындарға оқ атып, кісі өлтірген полицейге қатысты үкім шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске салайық, 2 сәуірде Үлкен Нарын ауылының тұрғынын екі ер адам соққыға жыққан. Осыдан кейін жәбірленуші Қатонқарағай аудандық полиция бөлімінде жұмыс істейтін бауырынан көмек сұрайды. Құқық қорғау органының қызметкері осы қылмысты тіркеудің орнына, өз бетінше зорлық-зомбылық көрсеткен азаматтарға барып, оқ ата бастайды. Соның салдарынан 37 жастағы ер азамат ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмса, 1990 жылғы досы жарақат алып, ауруханаға түскен. АІІБ қызметкерінің ағасы да жарақат алған.

Бұрынғы полицей кісі өлтіргені және билікті асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, 15 жыл 6 айға сотталды. Сондай-ақ, ол аға лейтенант шенінен айырылып, қауіпсіздігі жоғары колонияға қамалды. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар