Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы кешеуілдеуі мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАвтоЖол» Үлкен Алматы айналма жолы құрылысының тежелуі мүмкіндігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұдан бұрын Үкімет Үлкен Алматы айналма жолы жобасын «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жеке қаржысы есебінен жүзеге асыратындығы туралы шешім қабылдады. Аталған жобаны іске асырудың проблемасына тоқталатын болсақ, бүгінде жер телімдерінің 30 пайызға жуығы әлі де рәсімделмеген. Алматы облысының әкімдігі осы жер учаскелерін сатып алған болатын, кейіннен прокуратура жер телімдерін сатып алу бойынша актілердің бір бөлігіне наразылық білдірді. Енді осы жер үшін ақша алған меншік иелері оны бюджетке қайтаруы тиіс болып тұр. Осыдан кейін қайта есептеп, қайта сатып алу керек. Яғни бұл шаралар біршама уақытқа созылуы мүмкін. Осы орайда комиссия мүшелерінен бұл мәселені бақылауға алып, көмек жасауларын сұраймын»,-деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Темірхан Меңдіғалиев Парламент Мәжілісінде мемлекет қаржысын мақсатты пайдалануды бақылау бойынша «Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы комиссияның отырысында.

Айта кетейік, Үлкен Алматы айналма жолы 56 шақырымды құрап отыр. Жоба аясында 6 жолақты автомагистральдің құрылысы ескерілген. Осы орайда бұл жоба арқылы Алматының көліктік жүйесіне түсіп отырған салмақ айтарлықтай төмендемек. 

Соңғы жаңалықтар