Үлескерлер проблемасы «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы шешілмек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімдігі ҚР Үкіметі мен құзырлы орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында үлескерлік құрылыстың проблемалы нысандарын аяқтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы әкімдік сайты хабарлайды. 

Пысықталып жатқан механизмдер нысандар құрылысының аяқталуын көздейді. Осының негізінде бөлінген мемлекеттік қаражаттың қайтарымдылығы қамтамасыз етіледі.

Нормативті шешімдер мен тәртіптердің қабылдануы 2018 жылдың 15 қаңтарына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Осыдан кейін үлескерлік құрылыстың әр нысаны кесте бойынша жеке қаралатын болады. Кесте өз кезегінде 2018 жылдың 10 желтоқсанына дейін жарияланбақ.

Соңғы жаңалықтар