Үлескердің тұрғын үйге қатысты құқығы қорғалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Семей қалалық сотында пәтерді тапсыру келісімшартын бекітуді міндеттеу туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер А.Кожатаева «Лейла» СҮ» ЖШС-не қатысты арызданып, 2014 жылдың қыркүйегінде «Триумф» көпфункционалдық тұрғын үй кешенінде орналасқан 2 бөлмелі пәтер құрылысына үлескер болған. Қазіргі таңда «Триумф» тұрғын үйі эксплуатацияға берілген, уәкілетті органда тіркелген, алайда 2014 жылдың қарашасында мердігер оның пәтеріне кіруіне тыйым салған. Пәтерінің кілтін тек 2016 жылдың ақпанында ғана алған. ЖШС жұмысшыларымен кіреберіс есіктің құлпы оның рұқсатынсыз екі мәрте алмастырылған. Құрылыс мекемесі пәтерді тапсыру келісімшартын бекітуден бас тартқандықтан, пәтерге иелік құқығын тіркете алмаған.

«Тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысу туралы» Заңның 17 бабының 1 тармағына сәйкес, мердігер үлескерге тұрғызылған ғимараттағы оның үлесін келісімшартта көрсетілген мерзімнен кешіктірмей тапсыруға міндетті. Тұрғын үйдегі үлескер үлесі уәкілетті компаниямен қолданысқа берілген тұрғызылған баспананы қабылдау актісіне қол қойылғаннан кейін тапсырылады.

Тұрғызылған баспана қолданысқа берілгендіктен қабылдау актісі Әділет органдарында тіркелсе, онда мүлікке иелік құқығын тіркету үшін жауапкердің талапкерге пәтерін тапсырудан бас тартуға еш құқығы болмаған.

Сот шешімімен арыз талаптары қанағаттандырылды. Құрылыс мекемесі әділет органдарында тіркеуде мүлікті тапсыру келісімшартын бекіту үшін талапкерге пәтерді тапсыру міндеттелді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар