ҰҚШҰ-ға мүше елдердің СІМ басшылары ақпараттық қауіпсіздік туралы мәлімдеме қабылдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Ұжымдық Қауіпсіздік туралы Шарты Ұйымы Сыртқы істер министрлер кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Сыртқы саяси ведомстволар басшыларының отырысы барысында жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері, сондай-ақ Беларусьте жылдың екінші жартысында жоспарланған ҰҚШҰ Саммитінің мерейтойына дайындық талқыланды.

Қ. Әбдірахманов өз баяндамасында Қазақстан негізінде трансұлттық сипаттағы қазіргі сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы күрес бойынша біріккен шараларға зор маңыз беретінін атап өтті. Ол киберқауіпсіздік және ақпараттық технологияларды заңсыз пайдалану мәселелеріне айрықша көңіл бөлді, сонымен қатар Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстанда әртүрлі ауқымдағы хакерлік шабуылдардан қорғау мақсатында құрылатын «Киберқалқан» жүйесі туралы айтты.

null 

Бұл тұрғыда сыртқы саяси ведомство басшысы компьютерлік тосын оқиғаларға ден қою бойынша ҰҚШҰ Үйлестіру консультациялық орталығының қызметін жандандыруды, сондай-ақ стратегиялық объектілердің қорғалу деңгейін жоғарылату үшін жаңа зерттемелер бойынша тәжірибелер, ақпараттар алмасуда сарапшылармен іс жүзінде өзара іс-қимыл жасауды жолға қоюды ұсынды.

Сонымен қатар, Қазақстанның Сыртқы істер министрі экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жөнінде ұлттық деңгейде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.

ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер СІМ басшыларының назары қайтадан Қазақстан басшысының БҰҰ шеңберінде тиісті бастамаларына ауды.

Кездесу қатысушылары Сириядағы жағдайды реттеу бойынша Астана процесінің барысы туралы ақпараттандырылды.

null 

Отырыс барысында қазақстандық тарап бастамашылық жасаған әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы Келісімге өзгерістер мақұлданды. Атап айтқанда, әріптестерге жеңілдікті шарттарда тасымалданатын әскери мақсаттағы өнімдерге баға белгілеу тәртібі айқындалады.

ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірлескен шаралар туралы мәлімдеме қабылдады, онда ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жасалған қылмыстың өсуіне алаңдаушылық атап өтіледі. Тараптар аталған саладағы қылмыстарға қарсы күрес бойынша белсенді жұмыстарды жалғастыру ниеттерін білдірді.

ҰҚШҰ СІМК жанындағы Ауғанстан бойынша Жұмыс тобының қызметін жандандыру туралы шешім қабылданды.

null  

Кездесу қорытындысы бойынша 2017 жылға арналған бірлескен мәлімдемелер тақырыптарының Тізбесі және ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер өкілдерінің 2017 жылғы екінші жартыжылдыққа және 2018 жылғы бірінші жартыжылдыққа арналған сыртқы саясат, қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері бойынша консультацияларының Жоспары бекітілді.

Сондай-ақ, делегация басшылары және ҰҚҰШ бас хатшысы Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен кездесті.

Айта кетейік, Ұжымдық Қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы 2002 жылы 7 қазанда Кишинев қаласында өңірлік халықаралық ұйым ретінде ТМД-ға мүше алты мемлекет басшысы қол қойған ҰҚШ Ұйымының Жарғысына және 2003 жылы 18 қыркүйекте күшіне енген ҰҚШҰ құқықтық мәртебесі туралы Келісімге сәйкес құрылды.

null 

ҰҚШҰ 1992 жылы 15 мамырда Ташкент қаласында ТМД-ға мүше алты мемлекет басшысы қол қойған Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімнің құқықтық мирасқоры болып табылады. Шарт Ұйымға мүше мемлекеттерге ҰҚШҰ мүшесі болып табылмайтын мемлекет тарапынан қарсы агрессия актісі жасалған жағдайда БҰҰ Жарғысының 51-бабына сәйкес ұжымдық өзін-өзі қорғау құқығын жүзеге асыру тәртібінде жәрдем көрсетеді.

null 

Биылғы жылы Ұжымдық ауіпсіздік туралы артқа қол қойылғанына 25 жыл және Ұйымның құрылғанына 15 жыл толады.

 

Соңғы жаңалықтар