ҰҚШҰ бітімгерлік күшінің оқу-жаттығуы Қазақстанда өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрлігі Қазақстанда алдағы «Мызғымас бауырластық - 2017» оқу-жаттығуы бойынша ресми хабарлама таратты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, 16-20 қазан күндері Қазақстан аумағында («Іле» полигоны) «Мызғымас бауырластық - 2017» Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) бітімгерлік күштерімен бірге шиеленістен кейінгі жағдайды реттеу бойынша жаттығуы өтеді.

Оқу-жаттығуға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның бітімгерлік контингенттері, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Ұжымдық бітімгерлік күштерінің (ҰБК) құрамына кіретін полиция бөлімшелері қатысады.

Қазіргі уақытта ҚР аумағында Армения, Беларусь, Ресей, Тәжікстаннан келген бітімгерлік контингенттері бар. Қырғызстан контингенті бүгін келеді, сағат 13.00-де әскери қызметшілер алты әскери техникамен Қырғызстан-Қазақстан шекарасын кесіп өтті және оқу-жаттығу орнына келе жатыр. 

Соңғы жаңалықтар