Украинадағы шаңғы жарысында қазақстандықтар барлық жүлделі орындарды жеңіп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Украинада өтіп жатқан шаңғы жарысында Қазақстанның ерлер құрамасы барлық жүлделі орындарды жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҚР Шаңғы спорты федерациясының баспасөз қызметіне сілтеп.

Жарыс  Украинаның Тысовец қаласында Халықаралық шаңғы федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатыр.

Қазақстан ұлттық құрамасының құрамында ерлер және әйелдер тобынан 13, балалар құрамасынан 8 спортшы қатысуда.

Жарыстың алғашқы күні әйелдер арасыснда 10 шақырым, ерлер арасында 15 шақырым қашықтықта еркін жүріс бойынша жарыс өтті. Ерлер тобында жүлделі үш орынның барлығын қазақстандық спортшылар иеленді. Бірінші орынды Виталий Пухкало иеленсе, Олжас Климин екінші орын, ал Денис Волотка үшінші орын алды. Ақмолалық Николай Чеботько төртінші орынға жайғасты.

Ал әйелдер арасында Щучинск қаласының спортшысы Тюленева Валерия бірінші орынға ие болды. Екінші орынды украиналық Марина Анцыбор иеленсе, павлодарлық Анна Шевченко жүлделі үшінші орынға ие болды.

Соңғы жаңалықтар