Украина ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу шартына қол қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Украина Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысу шартына қол қойды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА көрме комиссарының хатшылығына сілтеме жасап. 

Бүгін, 23 ақпанда, ЭКСПО-2017 халықаралық қатысушыларының үшінші жиналысы аясында көрме комиссары Рәпіл Жошыбаев Украина секциясының орынбасары Сергей Савчукпен кездесті.

Келіссөз аясында тараптар ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық мәселесін, қатысу шартын, ел павильонының контентін, көрме аясында Украина ұлттық күнін өткізу күніне қатысты мәселені талқылады.

Савчук көрмеге Украина өкілдерінің жаңартылған энергетика саласындағы соңғы әзірлемені ұсынатынын хабарлады. Украина таяу жылдары баламалы электр энергетикасының қуатын кеңейтуге ниетті, оның үлесін 2020 жылы 11 пайызға дейін жеткізбек.

Кездесу қорытындысы бойынша Жошыбаев пен Савчук ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне Украинаның қатысатыны туралы шартқа қол қойды.

Соңғы жаңалықтар