ҰҚК-ның қаза тапқан қызметшілері 1 минут үнсіздікпен еске алынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдық мерейтойына арналған мерекелік концертте ұлттық қауіпсіздік органдарының қаза тапқан қызметшілері бір минут үнсіздікпен еске алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тарихында шынайы батырлықтың,  өз елі мен халқына деген мүлтіксіз  адалдықтың көптеген үлгісі бар. 25 жылдық мерейтойды атап өте келе біз туған жерінің тұрақтылығын, бейбітшілікті сақтау жолында  жанын пида еткен өз елінің нағыз патриоттарын еске алуға міндеттіміз.  Енді сіздердің қызметтеріңіз осындай. Өкінішке орай сіздер мұндай тәуекелге барасыздар, бұл қызметтің сапына өз еріктерімізбен кіресіздер. Қазір біздің ортамызда жоқ қызметшілер де бар. олар өз өмірлерін біздің еліміздің тыныштығы мен тәуелсіздігі үшін қиды. Оларды бір минут үнсіздікпен еске алуды ұсынамын», - деді мерекелік концерт барысында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы бүгінгі концертке қаза тапқан қызметшілердің жұбайлары отырғандығын атап өтті.

«Олар әр уақытта  да ҰҚК назарында болатындығына сендіргім келеді. Олардың балалары да назарда болады. Бұл - біздің ортақ міндетіміз», - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар