ҰҚК Ақтөбе облысындағы бұрынғы қызметкерлерінің қамалуына қатысты түсінік берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бұрынғы қызметкерлерінің қамауға алынуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жекелеген баспасөз ақпарат құралдарында пайда болған ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бұрынғы қызметкерлері А. Тахауиев пен К. Дабыловты қамауға алу туралы материалдарға қатысты ҰҚК баспасөз қызметі мынаны түсіндіреді.

Көрсетілген адамдарды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жедел тобы 2017 жылғы 8 маусымда ҚР ҚК 194-бабы 2 және 4-бөлімдерінде көзделген қылмыс («Қорқытып алу») жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұстады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 10 маусымда Ақтөбе қалалық № 2 соты оларды тұтқындауға санкция берді.

Соңғы жаңалықтар