Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін қаржының көлемі үш есеге артты - министр Ермекбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдарға грант ретінде берілетін бюджет қаржысының көлемі артып келеді. Оған қоса, аталған ұйымдар шетелден де қаржы алып отырады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, ағымдағы жылда үкіметтік емес ұйымдарға грант ретінде берілетін ақшаның жалпы сомасы 588 млн теңгені құрап отыр. "Қазіргі кезде арнайы оператор арқылы 41 жобаға ақша бөлінді. Алдағы уақытта тағы 14 жобаға грант берілетін болады. Осылайша, 55 жоба гранттық негізде қаржыландырылады. Негізі, биыл үкіметтік емес ұйымдарға бөлінген қаржының сомасы былтырғы көрсеткіштен салыстырғанда үш есеге артық болып отыр. Өткен жылы 200 млн теңге болса, биыл 600 млн-ға жуықтады. Келесі жылы биылдан да көп болуы керек", - деді Ермекбаев бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатынан кейін.

Министрдің айтуынша, үкіметтік емес ұйымдар үшін шетелден қаржы тартуға тыйым жоқ. Алайда ондай қаржыландыру көздері бойынша салық органдарына есеп беріп тұру қажет. Министрлік те өз кезегінде қадағалау шараларын жүргізеді.

Соңғы жаңалықтар