Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттар байқауы жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттарға байқау жарияланды.

Бұл туралы аталған ұйымның баспасөз қызметі хабарлайды.

Орталық гранттық қаржыландыру операторы ретінде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жанынан 2016 жылы құрылды.

Алғашқы жылы жылы 88 өтініш түсіп, 194,5 млн теңгеге 11 жоба жүзеге асырылса, 2017 жылы өтініш саны 512-ге жетіп, 618,5 млн. теңгеге 57 жоба қаржыландырылды.

2018 жылы үкіметтік емес ұйымдарға 900 млн. теңгеге 87 грант бөлінеді.

Байқау туралы толық ақпаратты cisc.kz сайтынан таба аласыздар.

Соңғы жаңалықтар