Үкіметте ОПЕК-тің келісімін орындау мүмкін болмаған жағдайға арналған жоспары бар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің мұнай өндіру деңгейін сақтау мүмкін болмаған жағдайға арналған жоспары бар. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан «Kazakhstan Global Investment Roundtable» форумы аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Іс жүзінде ОПЕК-тің барлық елдері және оған қоса ОПЕК-ке кірмейтін елдер 30 қараша күні Венада келесі жылдың соңына дейін мұнай өндіру көлемін қысқарту туралы шартқа қол қойды. Елдер бұған дейінгі шартта көзделген деңгейде өндіруді сақтайды. Біз үшін мұны жасау қиынға соғады және біздің тарабымыздан шартты ұзарту қазіргі нарықтағы бағаны сақтап қалу үшін жасалған үлкен ымыра. Мамандардың пайымынша, егер ОПЕК келісімді ұзартпағанда баға құлдырайтын еді. Сондықтан 62-63 долларлық баға - жақсы, мұнайшылармен қатар мұнай кен орындарына қаржы салатын инвесторларға сенімділік береді. Егер біз арттыратын болсақ, өз тарабымыздан серіктестерімізбен қажетті шарттарды уағдаластық. Сондықтан біз бұл шартты қолдадық. Бірақ, егер бізде оны орындауда қиындықтар туындайтын болса, онда серіктестерге жүгініп, келісімге келе аламыз», - деді ол.

Оның айтуынша, келісімнен ауытқу шартты бұзу болып саналмайды. Өйткені, серіктермен келісілген. Жалпы, ағымдағы жылы Қазақстан 85 миллионнан астам тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр. Өткен жылы еліміз 78 млн тонна мұнай өндірген еді.

«2018 жылдың жоспарын желтоқсан айының ортасында береміз. Қазіргі уақытта құжатпен жұмыс істеудеміз. Өсім сәл ғана болады, біздің алдымызда сондай міндет тұр», - деді Қанат Бозымбаев.

 

Соңғы жаңалықтар