Үкіметте латын әліпбиін енгізудің нақты жоспары бар - Ерболат Досаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаевтың айтуынша, латын әліпбиінің бірыңғай стандарты бекітілген бойда нақты шаралар қолға алынады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің бағдарламалық мақаласында латын әліпбиін енгізудің мерзімін белгілеген болатын. Үкіметтің аталған тапсырманы орындауға қатысты нақты көзқарасы бар. Латын әліпбиінің бірыңғай стандарты бекітілгеннен кейін оны біртіндеп енгізу шаралары қолға алынады. Ол жоспар барлық салаларды қамтиды. Себебі тіл коммуникацияның әмбебап құралы болып саналады», - деді Досаев бүгін ҚР Парламент Мәжілісіндегі латын әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелеріне арналған қоғамдық тыңдауда.

Оның айтуынша, бірыңғай стандарт бекітілген бойда білім беру саласына қатысты біраз шараларды атқару қажет. Алдымен маман даярлау мәселесіне баса назар аударған жөн. Осыдан кейін ол білімді xалық арасында кеңінен тарату қажет.

«Осы орайда латын әліпбиін меңгеру бойынша оқу-әдістемелік құралдарды, мобильді қосымшалар мен ақпараттық бағдарламаларды шығарған маңызды. Аталған шаралардың барлығы уақытына қарай үйлестіріледі және бір-бірімен байланыстырылады. Осының арқасында біз латын әліпбиін жүйелі түрде енгізе аламыз», - деп атап көрсетті Үкімет басшысының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар