Үкімет құрылымында өзгерістер орын алуы ықтимал

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Жалпыұлттық телекөпір барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сауданы еліміздің Сыртқы істер министрлігіне беруді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біреулер экспортпен айналысуы тиіс. Үкімет сауда қайда, инвестиция қайда болуы керектігін айқындауы тиіс. Мұнымен кім айналысады? Мүмкін Сыртқы істер министрлігі Австралия, Канада және басқа да елдердегідей Сыртқы істер және сауда министрлігі болуы керек шығар. Ал Индустрия министрлігі индустриямен айналысуы қажет қой. Егер инновация болса, онда инновациямен. Әркім өз ісімен айналысуы қажет. Әйтпесе, іс өнбейді. Біз өзіміздің өте маңызды жұмысымызды үзіп алмауға тиіспіз», - деді Елбасы.

Бұл ретте Қазақстан Президенті қаржыландыру мәселесі де аса маңызды екендігіне тоқталды. Халықаралық тәжірибе қаржыландыру болмаған жағдайда барынша мінсіз жасалған стратегияның өзі іс өнбейтіндігін көрсеткендігін баса айтты.

«Біз индустриаландыруды қолдауға бағытталған ресурстарды жыл сайын ұлғайтып отыруға тиіс екендігімізді атап өткен орынды. Мәселен, аграрлық сектор бюджет шығыстарының 4,5 пайыз қолдауын ала отырып ел ІЖӨ-сіне небәрі 5 пайыз береді. Көлік пен коммуникациялар 8,3 пайыз береді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 6,8 пайыз бюджетті шығындайды. Ал бұл орайда ел ІЖӨ-сінің 16 пайызын беретін өнеркәсіп пен құрылыс бюджет шығыстарының 0,6 пайызына ғана қаржыландырылады», - деді Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар