Үкімет экономикадағы қаржы секторының рөлін арттырмақ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Үкіметі қаржы секторының экономикадағы рөлін арттыруға дайын. Бұл туралы Алматыда Қазақстан қаржыгерлерінің VII Конгресінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерболат Досаев шарада ел экономикасының дағдарыстан кейінгі кезеңге өткенін тілге тиек етіп, қазіргі жағдайдағы басты міндеттерді атап көрсетті.

«Басты міндет - инвестициялардың негізгі көзі рөлін Қазақстанның қаржы институттарына қайтару, дәл осындай рөлді қаржы секторы 2008 жылға дейін атқарған болатын. Алдағы уақытта Ұлттық банк қаржы секторымен бірлесе отырып, сектордың тарихи рөлін қалпына келтіруге үміттіміз. Үкімет түбегейлі өзгерістерге әзір. Біз қаржыгерлердің Үкіметтің мойнындағы жұмыстарды өзіне алып, бізге қажет емес функциялардан босатуын қалаймыз. Мәселе  дәстүрлі қаржыландырудан бөлек, басқа да қолжетімді тетіктер турасында болып отыр», - деді Ерболат Досаев.

Үкімет басшысының орынбасары қаржы секторындағы проблемаларды да атап өтті.

«Банк секторы - қорландыру мен қаржыландырудың негізгі көзі. Қаржыландырудың нарықта болуы тиіс басқа формалары, соның ішінде қор нарығы бізде әлі дамытылмай жатыр. Біз осы бағыттарды дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыруға дайынбыз. Қолжетімді кредит кәсіпкерлікті дамытудың кілті болуы тиіс. Бұл туралы айтып жатырмыз. Бірақ нарықта кімнің қандай рөл атқаратындығы нақтыланбаған», - деді Досаев.  

Соңғы жаңалықтар