Үкімет басшысына Павлодарда МӨЗ-де Jet A1 авиаотынын өндіретіні жайлы баяндалды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - ҚЗ Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевқа Павлодар мұнай-химия зауытында мұнай өңдеу көлемдерін ұлғайту шаралары туралы айтылды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жұмыс сапары аясында Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы мұнай өнімдерін өндіретін ірі кәсіпорындардың бірі «Павлодар мұнай-химиялық зауыты» ЖШС-ын жаңғырту барысын тексерді. Бұл туралы Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Павлодар мұнай-химиялық зауытты жаңғырту мемлекеттік индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша жүргізілуде. Ол басқару жүйесін автоматтандыруды, энергия үнемдейтін және экологиялық таза технологияларды енгізуді қамтиды. Бұл шикі мұнайды қайта өңдеу бойынша өнімділікті ұлғайтуға мүмкіндік береді.

«Павлодар мұнай-химиялық зауыт» ЖШС бас директоры Шухрат Данбай жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін жоғары октанды бензин шығару 297 мың тоннаға ұлғайып, Jet A1 халықаралық стандартты авиаотын өндірілетінін айтты. Зауытты жаңғырту жобасы бойынша барлығы он екі технологиялық қондырғы, 18 жалпы зауыттық шаруашылық нысандары жөнделіп, салынуда.

Жаңғыртудан кейін ашық мұнай өнімдерінің өндірісі жылына 333 мың тоннаға артады.

«Павлодар мұнай-химиялық зауыт» ЖШС - Қазақстан Республикасындағы үш мұнай өңдеуші зауыттардың бірі. Зауытта 1900-ден астам адам жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар