Үкімет басшысы Қарағандының автожолдарын реконструкциялау барысымен танысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында «Қарағанды - Теміртау» автокөлік жолы аумағында «Нұрлы жол» аясында жүргілізіп жатқан «Орталық - Оңтүстік» көлік дәлізінің реконструкциялау жұмысымен танысты, деп хабарлайды primeminister.kz.

«Қарағанды - Теміртау» автожолы учаскесінде бетон жабынын қалау және арматуралау жұмыстары жүргізіліп жатыр. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қарағанды бөлімшесінің директоры Қанат Шаймин автокөлік жолын жөндеу барысы мен жоспардағы аяқталу мерзімі туралы баяндады.

2015 жылы «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстары басталған «Орталық - Оңтүстік» көлік дәлізі ел экономикасы үшін үлкен маңызға ие. Бұл дәліз көлік-логистикалық әлеуетті дамытуға ықпал ететін болады және Қазақстанға әлемдік көлік жолдарына қосылуға әрі транзиттік халықаралық тасымалдардың көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұдан өзге, өңіраралық байланыс күшейе түседі, тасымалдардың алшақтығы мен автокөліктердің жолда өткізетін уақыттары қысқарады. Сонымен қатар қозғалыс қауіпсіздігі артады және автожолдарға іргелес аумақтардың экологиялық жағдайы жақсарады.

Реконструкциялау жұмыстарын жүргізу жол бойы сервистерінің дамуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізеді. Сондай-ақ, кемпингтер, жанармай құю орындарын және де жол бойындағы республикалық маңызға ие өзге де нысандарды орналастыруға заманауи талаптар қойылады.

Соңғы жаңалықтар