Үкімет басшысы бюджетті игеру туралы: 20-сында есік жабылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бюджет қаржысы уақытында игеруге қатысты ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Бізде қаржы жылы 20 желтоқсанда аяқталмай ма? Енді, бюджет қаржысын толығымен игеруге дейін неше күн қалғанын санай беріңіз. 20-сы ол - келесі аптаның сәрсенбісі. Мейрамға арналған төрт күндік демалыс тағы бар. Демек, 3-4 күн ғана қалды Сондықтан қазір аймақтардан сөз сөйлеген әріптестеріміз және осында отырған министрлік басшылары 20-сынан кейін төлейміз де отырсыздар ғой. Мен айтайын, ештеңеге де үлгермейсіңдер. 20-сында есік жабылады", - деді Б.Сағынтаев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Осы орайда Премьер-Министр бюджет қаражатын игеру мәселесін жіті бақылауға алуды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар