Үкімет басшысы БҚО-дағы азық-түлік шығаратын ірі кәсіпорынға барды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі ет өнімдерін шығаратын ірі кәсіпорындардың бірінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды primeminister.kz.

Нысанды аралау барысында ҚР Премьер-Министрі өндірістік корпус пен дайын өнім бөлімімен танысты және азық-түлік өнімдерін шығаруда қолданылатын технологиялар туралы баяндаманы тыңдады.

«Жайық ет» кәсіпорнының негізі 2003 жылы бұрынғы Орал ет комбинаты базасында қаланған. 2009 жылы мұнда өндірістің көлемді жаңғырту жұмыстары басталған, ол 2013 жылы аяқталған. Қазіргі таңда зауыт 100-ден астам ет шұжық және консерві өнімдерін шығарады.

Айта кету керек, кәсіпорынның тек қана ішкі нарықты өз өнімімен қамтамасыз етуден өзге, таяу шетелге экспортқа шығарып, облыс экономикасына оң ықпал ете алатындай мүмкіндіктері бар.

 Сондай-ақ Бақытжан Сағынтаев өңірдегі ірі жиһаз фабрикаларының бірінде болды.

Нысанды аралау кезінде ҚР Премьер-Министріне кәсіпорын жұмысы туралы баяндалып, дайын өнімдердің үлгілері көрсетілді.

null   

Айта кету керек, «Квант» жиһаз фабрикасы 1996 жылдан бастап жұмыс істеп келеді және осы уақыт аралығында шағын өндіріс орнынан Қазақстанның көптеген аймақтарына танымал, ширақ дамушы фирмаға айналды.   

2015 жылы Индустрияландыру картасы аясында компания жалпы ауданы 10 000 шаршы метр болатын корпустық жиһаз шығаратын жаңа фабрика ашты. Мұнда жиһазды өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін, алдыңғы қатарлы технологиялар қолданылған заманауи жабдықпен әзірлейді.

Айта кету керек, мұндай кәсіпорындарды құру мен дамыту Қазақстанның экономикалық өсімін нығайтуға қомақты үлес қоса алады, себебі бұл кәсіпорындар «қарапайым заттар экономикасының» өкілдері болып табылады. Яғни, халық арасында кеңінен сұранысқа ие, күрделі технологиялық шешімдерді қажет етпейтін өнімдерді тудырады.              

Үкімет өз тарапынан, ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру аясында осындай кәсіпорындарды іске қосу мен оларға қолдау көрсету үшін қолайлы жағдайлар тудыруға ерекше көңіл бөледі. 

Соңғы жаңалықтар