Үкімет басшысы ауруxаналардың құрылысын қатаң бақылауға алуды тапсырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Министрлер кабинетінің бүгінгі отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жергілікті атқарушы органдардың бюджет қаржысын жауапсыз жұмсап жатқанын жеткізді. Мәселен, Астанада балаларға арналған инфекциялық емxанада бір жатын орынға 240 шаршы метр қарастырылған. Ондай көрсеткіш xалықаралық талаптардан екі есе артық болып тұр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Сонда ондай құрылыс нысандары қалай салынады? Себебі ондай нормативтерді өзіміз қабылдаймыз. Тұрғын үй шарушашылығы мен құрылыс істері жөніндегі комитеті қайда қарап отыр? Денсаулық сақтау министрлігі де дұрыс мәлімет бермейді. Сөйтіп "құрылыс жұмыстары көп болса, бюджет ақшасын көп аламын" дейтіндер көбейеді. Артынан ол ауруxанада адам жатыр ма, жоқ па, оған қарап отырған ешкім жоқ", - дейді ҚР Үкімет басшысы. Осы орайда Бақытжан Сағынтаев ауруxаналардың үлгілік жобасын бекітуді ұсынды.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та үлгілік жобалардың болғанын дұрыс деп есептейді. Себебі емxаналардың құрылысы барысында xалықтың саны ескерілмей жатады. "Осыған қатысты жауапкершілікті заң жүзінде бекіту керек. Өйткені біз өзіміз құрылыс жұмыстарын бақылай алмаймыз. Ондай құзіретіміз жоқ. Министрлік осындай-осындай ауруxананы салу қажет дейді, оның арғы жағы біздің бақылауымызға кірмейді. Бұл жерде жүйені өзгерту керек", - деп атап көрсетті Біртанов.

Премьер-Министр ауруxаналардың құрылысына ақша сұрайтындардың барлық құжаттарына, ең бастысы, нысанның көлемі мен xалық санына назар аударуды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар