Уимблдонда теннисші аузына кірген шыбынды жеп қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Неміс теннисшісі Дастин Браун Уимблдонның екінші айналымындағы британдық Энди Марреймен матч алдында ұшып кеп аузына кірген шыбынды жеп қойды.

Оның видеосы Matt Collins-тің Твиттердегі парақшасында жарияланды.

Браун үш сетте де 3:6, 2:6, 2:6 есебімен Маррейге жол берді. Лондон корттарындағы шыбын-шіркейлердің көптігіне басқа теннисшілер де шағымданды, әсіресе матч кезінде жәндіктермен алысумен болған босниялық Дамир Джумхур өз наразылығын білдірді.

3 және 15 шілде аралығында Уимблдон-2017 Лондонда өтіп жатыр. Жарыстың жүлде қоры 41 миллион долларды құрайды.

Айта кетсек, әзірге турнир чемпионы -Маррей. 

Соңғы жаңалықтар