UFC МакГрегор - Альварес айқасына билет сатудан рекордтық сомада пайда тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - МакГрегор - Альварес айқасына билет сатудан UFC 17,7 миллион доллар ақша тапты, деп жазады "Спорт-Экспресс" ESPN-ге сілтеме жасап.

Бұл ұжым үшін рекордтық сома. Нью-Йоркте өткен турнирдегі кештің басты жекпе-жегі UFC чемпионы ирландық Конора МакГрегордың американдық Эдди Альвареспен айқасы болды.

МакГрегор жеңіске жетіп, тарихта алғаш рет екі салмақ санатындағы чемпион атанды.

Айта кеткен жөн, бұдан бұрын Нью-Йоркте ММА айқастарына тыйым салынып келген болатын.

Соңғы жаңалықтар