Уфадағы «ақырзаман»: Башқұртстан астанасы 2 сағатта теңізге айналды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 қыркүйекте Башқұртстан астанасы Уфада найзағайлатып нөсерлі жаңбыр мен бұршақ жауды, деп хабарлады «Башинформ» ақпараттық агенттігі.

Уфадағы «ақырзаманның» кадрлары ғаламторға әп-сәтте тарады. Табиғаттың тосын мінезі екі сағаттан астамға созылды, осы уақыт ішінде қалаға жауын-шашынның екі айлық мөлшері жауды. Жауынның негізгі бөлігі қаланың тарихи орталығына құйылды. Уфаның оннан астам көшесіндегі тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттардың бірінші қабаттары су астында қалды.
null

Әлеуметтік желіге салынған «Росреестр» ғимаратының суреті хитке айналды. Судан қорғанған адамдар орындықтардың үстіне шығып алған. Топан судан бірінші кезекте құжаттар зардап шекті.
null 

Келесі күні таңертең суды сорып шығаруға тура келді. Кешке қарай табиғат апатынан құрбан болғандар бар екені анықталды: 50 жастағы Уфа тұрғыны қаза тапқан. БР тергеу комитеті анықтағандай, жаяу жүргіншілер жолағында аяғы тайып, асфальтқа басымен соғылған ер адамды су ағызып әкеткен.
null 

Теміржолдар су астында қалуына байланысты, пойыздардың реверсивті қозғалысы ұйымдастырылды. Қатты нөсер Уфа Халықаралық әуежайының жұмысына ғана кедергі келтіре алмаған. Әуежай штаттық режімде жұмыс жасады, рейстер кешіктірілген жоқ.
null 

Қаланың әр жерінде электр энергиясы өшкен. 12 жол қиылысында 48 бағдаршам сөніп, жол қозғалысын қиындата түскен.

Башқұрт астанасындағы барлық қалалық қызметтер дереу тәуліктік жұмыс режіміне көшірілді. 

null null null null nullnull null 

Соңғы жаңалықтар