УЕФА президенті төрешіге видеокөмек жүйесін енгізуге қарсы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа Футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) президенті Александр Чеферин Ресейде өтетін 2018 жылғы Әлем чемпионатында төрешіге видеокөмек жүйесін (VAR) енгізуге қарсы екенін мәлімдеді. 

Бұл жайлы goal.com сайты La Repubblica газетіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Мен бұл мәселеде мейлінше консервативтік ұстанымды жақтаймын. Біз артқа қайтпайтынымызды түсінемін, дегенмен төреші робот емес, төреші болып қалуы керек», - дейді ол.

Футбол қауымдастықтарының халықаралық федерациясының Кеңесі (ФИФА) VAR жүйесін енгізу-енгізбеу туралы 2018 жылғы наурызда шешім қабылдауы тиіс.

Төрешіге видеокөмек жүйесі бұған дейін де ФИФА аясында өткізілген бірнеше турнирде қолданылды, қазіргі уақытта Италия және Германия ұлттық чемпионаттарында пайдаланылып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар