УЕФА кубогының «Төрттік финалы» тікелей эфирден көрсетіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 және 30 сәуір күндері «Алматы Арена» спорт кешенінде өтетін УЕФА кубогының «Төрттік финалы» тікелей эфирден көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еуропаның бас жүлдесі үшін сынға түсетін «Спортинг» (Португалия), «Интер» (Испания), «Газпром-Югра» (Ресей) және АФК «Қайрат» (Қазақстан) командаларының ойынын «Kazsport» арнасы  тікелей эфирде көрсетеді. 

Ойындар кестесі:

28.04.2017 ж.

20:10     ИНТЕР (Испания) - ҚАЙРАТ (Қазақстан). 1/2 финалы.

30.04.2017 ж.

16:40     3-орын үшін матч

19:10     Финал

Еске сала кетейік, «Интер» қазіргі таңда УЕФА Кубогын үш рет жеңіп алған, сондай-ақ, «Төрттік финалға» төрт рет шыққан әлемнің ең титулды футзал командасы саналады.

Ал «Қайрат» УЕФА Кубогын екі рет иеленген, «Төрттік финалға» ол жетінші рет қатысады.

«Югра» турнирдің шешуші кезеңіне алғаш рет шығып, еурокубокты осы жылдың сәуір айында тұңғыш рет жеңіп алды. Келесі жылы Алматы финалында ол екінші рет ойнайды.

«Спортинг» үздіктер квартеті қатарынан төртінші рет көрінді. Алайда, финалға  бір рет қана жеткен.

Соңғы жаңалықтар