УЕФА Кубогының «Төрттік финалы» Алматыда өтетін болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні Ньонда (Швейцария) УЕФА атқарушы комитетінің отырысы өтіп, оның нәтижесі бойынша 2016/17 жылдарғы футзалдан УЕФА Кубогының «Төрттік финалы» өтетін орын анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ға сілтеме жасап.

Турнирдің шешуші матчтары Алматыдағы 12 мың орындық «Алматы Арена» мұз сарайында өтетін болады.

«Төрттік финалына» «Қайрат», «Газпром-Югра» (Ресей), «Интер Мовистар» (Испания) және «Спортинг» (Португалия) қатысады. Жартылай финалдың жеребесі Алматыда өтеді, бірақ оның нақты датасы әлі белгіленген жоқ.

Турнир 27-28 және 29-30 сәуір күндері өтеді. 

Соңғы жаңалықтар