17:27, 16 Наурыз 2018 | GMT +6
УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалына жеребе тартылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА Чемпиондар лигасы 1/4 финалына жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
2003 жылы Еуропа клубтарының бас кубогын жеңіп алған Андрей Шевченко елші болған рәсімде 1/4 финал жұптары төмендегіше түсті:
«Барселона» (Испания) - «Рома» (Италия)
«Севилья» (Испания) - «Бавария» (Германия)
«Ювентус» (Италия) - «Реал Мадрид» (Испания)
«Ливерпуль» (Англия) - «Манчестер Сити» (Англия)
Еске сала кетейік, алғашқы ойындар 3-4 сәуір күндері, жауап ойындары 10-11 сәуірде өтеді.