Учаскелік инспекторларды планшетпен қамтамасыз ету үшін қанша ақша керек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Қалмұxанбет Қасымов учаскелік полицейлердің бәрін планшетпен қамтамасы ету жобасы жайында айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аталған жобаның аясында әрбір учаскелік инспектор жеке планшеті арқылы ішкі істер министрлігінің ақпараттық базаларына кіре алады. Мәселен, қандай да бір тәртіп бұзушылық болса, инспектор ол адамды толығымен тексере алады. Бұған дейін қылмыс жасады ма, жоқ па, соның бәрін сол жерде планшет арқылы біліп алып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы xаттаманы толтыруға мүмкіндік бар. Бұдан бөлек, арнайы интернет алаңды құру жоспарланған. Сол арқылы адамдар учаскелік инспекторға арыз түсіріп, өз шағымы бойынша атқарылып жатқан шараларды бақылай алады. Ұсыныстарды да беруге болады», - деді Қ.Қасымов.

Министрдің айтуынша, аталған жоба бойынша теxникалық-экономикалық негіздеме жасалды. Сараптама да жасалды. Жобаның жалпы құны 2,7 млрд теңгеге бағаланып отыр.

Айта кетейік, министрліктің тағы бір жобасы - «Тергеуші» атты автоматтандырылған ақпараттық жүйе. Соның аясында барлық тергеушілер мен істі анықтаушы мамандарды жеке планшеттермен қамтамасыз ету көзделіп отыр. Ол жобаның жалпы құны - 2,4  млрд теңге. «Сөз жоқ, аталған жобалардың бәрін іске асыру үшін бюджеттен қыруар қаржы бөлінуі керек. Алайда биыл республикалық бюджет комиссиясы Ішкі істер министрлігінің аталған шығындарын қолдаған жоқ», - деп атап көрсетті Қ.Қасымов. 

Соңғы жаңалықтар