ҰБТ-ның жаңа форматта өткізілуі өте орынды - мектеп мұғалімі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласы Есіл ауданына қарасты орта мектептердің директорларының қатысуымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта білім саласының алдында өте үлкен мәселелер бар. Білімді ұрпақ - қоғамымыздың болашағы. Сондықтан жүйелі түрде бас қосып,  алдымызда тұрған барлық өзекті мәселені жіті талқылап отыруға тиіспіз. Өздеріңізде білесіздер, Президентіміз оқушыларды отансүйгіштікке, бірлік пен толеранттылыққа баулу  бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырған болатын. Осыған орай бүгін елорданың Есіл ауданына қарасты мектептердің директорларымен, оқу ісі жөніндегі меңгерушілермен осы мәселелерге қатысты пікір алмасатын боламыз», - деді дөңгелек үстел отырысын ашқан Астана қалалық мәслихатының депутаты, №17 гимназияның директоры Рамзия Өмірбаева.

Шара барысында №17 гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Айгүл Өтеубаева ағымдағы жылы екі кезеңмен өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге кеңінен тоқталды.

«Өздеріңізде білетіндей, биыл Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгертіліп, екі кезеңмен өтетін болады. Осыған байланысты біздің жұмысымыздың да өзгеретіндігі түсінікті. Жалпы Елбасы Жолдауында ұстаздар қауымының да өзгеруі, білім мазмұнымыз 1-сыныптан бастап жаңғыруы керектігін баса айтқан болатын. Демек, ҰБТ форматының өзгеруі де орынды. Өзім №17 гимназияның мұғалімдерді жаңа әдістерге баулу жөніндегі жаттықтырушысымын. Биыл 12 мұғалімді жаңартылған бағдарламаға сәйкес дайындадым», - деді ол.

Дөңгелек үстел отырысында Елбасының Жолдауы, таяудағы «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласы жан-жақты талқыланып, білім берудің рөлін арттыру, үш тілде оқытуды енгізу мәселелері сөз болды.

Соңғы жаңалықтар