ҰБТ-ның алғашқы күнінің нәтижелері белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күнінің нәтижелері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР БҒМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20 маусым күні өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуге (бірінші лек) өтініш білдірген 16 468 түлектің 15 862-сі (96,3%) қатысты, оның ішінде қазақ тілінде -12633, орыс тілінде - 3229 адам. ҰБТ 42 өткізу пунктінде жүргізілді.

Тәртіп бұзғаны үшін, 3 адам аудиториядан шығарылып, олардың жауаптары саналмады.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші күнінде 22 696 тыйым салынған зат алынды.

Қазақстан бойынша орташа балл - 75,53.

Айта кетейік, ағымдағы жылы ҰБТ-ны 92 827 түлек тапсырады, оның ішінде: 69 209 - қазақ тілінде және 23618 - орыс тілінде.

  

 

Соңғы жаңалықтар