Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -17 °С
Алматы: -6 °С
USD 319.42 EUR 400.04
RUB 5.66 CNY 50.35
Жаңалықтар

ҰБТ-да танымал тұлғалар туралы сұрақ болмайды

2018 жылғы 13 ақпан 16:04 740
Поделиться:
ҰБТ-да танымал тұлғалар туралы сұрақ болмайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов 2018 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің қалай өтетінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда мектепке дейінгі білім балалардың барлығына қолжетімді емес Ақтөбеде техникалық және кәсіби білім беруді жетілдіру үшін жұмыс тобы құрылды

Орталық басшысының айтуынша, ҰБТ форматы өзгермейді және тест тапсырмаларының базасы 50%-ке жаңартылған.

«Биылғы ҰБТ өткен жылғыдай бес пән бойынша: үш міндетті және екі таңдау пәні бойынша өтеді. Міндетті пәндер арасында математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы және Қазақстан тарихы пәндері бар.

Тест тапсырмаларының базасы 50%-ке жаңартылды. 2017 жылы бізде 80 000 тест тапсырмалары болса, биыл олардың саны 120 мыңнан асады.

Оның шамамен 11%-і функционалды сауаттылығын анықтауға бағытталса, шамамен 37% тест тапсырмаларының бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар. Бұл өз пәнін тереңірек түсінуге және құр жаттап қана қоймай, ойлануға мүмкіндік береді, - деді Рамазан Әлімқұлов ҚР БҒМ алқасының кеңейтілген отырысы аясында журналистерге берген сұхбатында.

Сондай-ақ, Рамазан Әлімқұлов жаңа ҰБТ-да Қазақстанның танымал тұлғалары туралы сұрақтардың болмайтынын атап өтіп, ҰБТ тапсыру жағдайын жақсарту бойынша өзгерістер енгенін хабарлады.

«Бұрынғы ереже бойынша мектеп түлегі белгілі бір себептермен тестілеуге қатыса алмаса, келесі жылға қалдырылатын. 2018 жылы белгілі бір себептермен тестілеуге қатыса алмаған оқушының қабылдау комиссиясының рұқсатымен өз аймағындағы келесі лекпен тапсыра алуы үшін жұмыс істеп жатырмыз», - деді Р. Әлімқұлов.

 

 


Басты сөздер: ҰБТ, Білім,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат