ҰБТ-да шекті балл жинай алмаған ақтөбеліктер кәсіптік білім алады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде ҰБТ кезінде шекті балл жинай алмай қалған талапкерлердің тізімі жасалды. Олардың басым бөлімі кәсіптік техникалық орта оқу орындарына құжат тапсырып, кейбірі жұмысқа орналасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҰБТ тапсырып, жоғары оқу орнына қажетті шекті балды жинай алмаған талапкерлер «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы арқылы қысқа мерзімді курстарға жазылып, жұмысқа орналастырылады. Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы Әйгерім Сағымбаеваның айтуынша,  қалада 1091 бос жұмыс орны бар және оның 359-ы жоғары немесе кәсіптік білімді қажет етпейді екен.

 «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының 2017-2021 жылдарға арналған жоспарына сәйкес биыл 1094 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз етіледі. Ұлттық бірыңғай тестке қатыспаған немесе ұпайы шекті деңгейге жетпеген мектеп түлектеріне 385 орын бөлінді, - деді қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы Әйгерім Сағымбаева.

Айта кетейік, қазіргі кезде 107 түлек кәсіптік техникалық оқу орындарына, екеуі қайта даярлау курстарына оқуға қабылданған. Ал 22-і жұмысқа орналасып, біреуі Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Денсаулығы сыр берген мектеп түлектері биыл демалуды жөн көріп отыр. Өзге облысқа қоныс аударғандар да бар. Қазіргі уақытта 19 түлекті жұмысқа орналастыру жолдары қарастырылуда. 

Соңғы жаңалықтар