ҰБТ: Бесінші күннің нәтижесі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 маусым күні өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуге  өтініш берген 8410 түлектің 8161-і (97,04%) қатысты. Оның ішінде қазақ тілінде - 6665, орыс тілінде - 1496 адам. ҰБТ 60 тестілеу пунктінде өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп бұзғаны үшін 1 адам аудиториядан шығарылды, ал оның жауаптары жойылды.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бесінші  күнінде 14 244  тыйым салынған зат алынды.

Орташа балл - 79,05.

Ағымдағы жылы ҰБТ республика бойынша 20-27 маусым аралығында өтеді. ҰБТ-ны тапсыруға 92 827 түлек өтініш берді, оның 69 209 - қазақ тілінде, 23 618 - орыс тілінде.

 

Соңғы жаңалықтар