Уәлихановтардың атадан қалған мекені - Солтүстік Қазақстанның киелі жері

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО Айыртау ауданындағы Уәлихановтардың атадан мирас болып қалған мекені Қазақстанның киелі жерлері қатарына енгізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі мәдениет, мұрағат және құжаттамалар басқармасына сілтеме жасап.

«Сырымбет» мекені 19 ғасырға тиесілі ағаш сәулетінің ескерткіші. Ол Сырымбет ауылынан үш шақырым қашықтықтағы көркем табиғатты қарағайлы төбешіктердің ортасында орналасқан. Ол тұтас ауылды дала желінен қорғап тұрады. Уәлихановтар үй-жайы сыртынан қарағанда 19 ғасырдағы орыс дворяндарының мекенін еске салады. Солай болатыны заңды да. Өйткені, үй-жай император бірінші Александрдың 1824 жылдың 30 сәуіріндегі бұйрығы бойынша, Уәли ханның жесірі, Абылай ханның келіні және Шоқанның әжесі Айғанымға арналып салынған.

Бұл жерде белгілі ғалымның балалық шағы өтті, ол Омбыдағы кадет корпусынан осы жерге демалысқа келетін. Сырымбетте бұл үйден басқа, мешіт, мектеп, диірмен, қызметшілерге арналған үй, монша және басқа да шаруашылық орындары бар.

«Айғанымның үйі ағартушылық ойлардың тарауында үлкен маңызға ие болды. Бұл жерде айтыстар ұйымдастырылып, белгілі композиторлар, ақындар мен әншілер өнер көрсеткен», - деді мәдениет басқармасының қызметкерлері.

«Сырымбет» үй-жайы өркендеуді де, құлдырауды да көрді. 1917 жылға қарай, ол тұтастай бұзылды. Кеңестік билік оның материалдарын басқа ғимараттардың құрылысына пайдаланды. 1993 жыл үй-жайдың екінші рет дүниеге келген жылы болды. Сол жылы ҚР Үкіметінің тарихи ескерткішті қайта құру туралы қаулысы жарияланды. Үй-жай Шоқанның туғанына 150 жыл толуы қарсаңында толықтай қалпына келтірілді. 1995 жылы Уәлихановтардың мирас болып қалған жеріне Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан президенттері келді.

Жыл сайын «Сырымбет» ауылында Шоқан Уәлихановтың өмірі мен еңбегіне арналған әдеби шаралар өткізіліп, дәрістер оқылады. 

Фото primeminister.kz

Соңғы жаңалықтар