Уақытша ұстау абақтысында өлтірілген Роскосмостың атқарушы директоры - ҚР тумасы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының сапа мен сенімділікті қамтамасыз ету жөніндегі атқарушы директоры Владимир Евдокимовпен қоштасу өтті, деп хабарлады Ресей ғарыш ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Владимир Евдокимов 2007 - 2009 жылдары «Корпорация «МиГ» ААҚ-да мүлік ұрлағаны үшін айыпталып, 2016 жылғы 1 желтоқсанда тұтқындалды. Ал 2017 жылғы 18 наурызда уақытша ұстау абақтысында белгісіз себептермен қаза болды.

Ресейлік БАҚ ақпаратына сәйкес, Евдокимов өткен сенбі күні таңертеңгі сағат төрттер шамасында өлтірілді. Оның көкірек тұсына және мойнына пышақ жарақаттары салынған. Күзетші Евдокимовтің денесін камераларды аралау барысында дәретхана бөлмесінен тапты.

Владимир Евдокимов Қазақстанда, Қостанай қаласында туған. Ол 26 наурызда 56 жасқа толар еді.

Роскосмос оның Ресей ғарыш мемлекеттік корпорациясының дамуына қосқан үлкен үлесін атап өтті.

 

Соңғы жаңалықтар