«Уақыт Таңдауы» байқауының жеңімпаздары анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Республикалық қоғамдық-саяси «Президент және Халық» газетінің республикалық «Уақыт Таңдауы - Выбор Времени» агенттігімен бірлескен жобасы бойынша Тәуелсіздік мерекесіне орай дәстүрлі жыл таңдаулары айқындалды.

Жылдың үздік облыс әкімі аталымына Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев лайық деп танылса, Жылдың үздік жоғары оқу орны аталымы ректоры академик Ғалымқайыр Мұтанов болып табылатын әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне бұйырыпты. Жылдың үздік кітапханасы аталымында Жанат Сейдуманов басқаратын ҚР Ұлттық кітапханасы жеңімпаз болса, Жылдың үздік аудан әкімі Алматы облысы Қарасай ауданының әкімі Махаббат Бигелдиевке берілген. Жылдың үздік мұражайы ретінде Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейі танылып отыр. Қорық-музей директоры  Болат Жүнісбеков.

Жеңімпаздардың барлығы ел  дамуына өз салалары бойынша айтулы үлес қосып келе жатқан ұжымдар мен тұлғалар.

 

Соңғы жаңалықтар