ТЖ өкілі төтенше оқиғаға куә болған адамдардың әрекетсіздігіне наразылық білдірді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы бойынша ТЖД басшысы Абай Темірбаев төтенше оқиғаға куә болған адамдардың әрекетсіздігіне наразылық білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Кешегі оқиғаны алайық, автобус жанып жатыр, ол жердегі адамдар маған қоңырау шалып автобус өртеніп жатқанын айтады. «101-ге қоңырау шалдыңдар ма?» десем «жоқ» дейді. Адамдардың осы әрекетсіздігін қалай түсінуге болады. Автобус болса жанып жатыр, олар оқиғаны түсіріп тезірек Instagram желісіне жүкеуге асығады. Алдымен 101-ге қоңырау шалу керек, одан кейін не істесең өзің біл», - дейді ТЖД басшысы.

А. Темірбаевтың айтуынша, куәгерлер оқиға орнына құтқарушылар шақырмас бұрын алдымен көз алдыларындағыны видеоға түсіреді. Осы қымбат минуттардың ішінде біреудің өмірін құтқарып қалуға болатынын есімізден шығармауымыз қажет.

Жиналыста мәлім етілгендей, 2018 жыл басталғаннан бері Павлодар облысында 8 адам өрттен көз жұмыпты.

Соңғы жаңалықтар