ТЖ комитеті Маңғыстау облысындағы жарылыс туралы ақпаратты теріске шығарды

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Маңғыстау облысындағы жарылыс туралы ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді.

«Бұл ақпарат расталмайды. Біздің құзіретіміз бойынша болған жоқ», - деді Р.Иманқұлов.

Еске сала кетсек, бүгін Ақтау тұрғындары күшті жерасты дүмпулерін сезінген, тіпті «жарылыс салдарынан туындауы мүмкін» түтінді видеоға түсіріп алған.

Соңғы жаңалықтар