ТЖ комитеті ескертеді: Алыс сапарға шықпаңыз

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов таяу күндері Қазақстан азаматтарын жолға шықпауға кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Дауылды алдын ала ескерту шаралары болды. Бүгін және ертең ауа райы қатты өзгереді деген мәліметтер бар. Осы орайда қауіпсіздікті сақтау аясында азаматтарға алыс сапарға шықпауға шақырамыз», - деп атап өтті ресми өкіл Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Руслан Иманқұловтың сөзіне қарағанда, еліміздің солтүстік және орталық өңірлерінде ауа райы жағдайы нашарлауы мүмкін.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда алдағы күндері боран соғып, көктайғақ болады.

«Ресейдің еуропалық бөлігінен Қазақстанға атлантикалық циклонмен байланысты ауа ағындары жылжып келеді. Алдағы үш тәулікте республиканың көптеген облысына алдымен жылы, кейіннен суық ауа ағындары келеді. Кей жерлерде қар жауып, боран болады, жел батыстан секундына 15-23 метр жылдамдықпен соғады, ауа температурасы көтеріліп, көктайғақ болады», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар