Тыныш жатқан су астында не жасырынуы мүмкін: 6 мысал

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Интернетте өзен құбыжығының мазасын алған Флорида тұрғынының видеосы қызу талқылануда. Кейін өзенде құбыжықтар емес, су жануарлары - бір топ ламантиндер болғаны анықталды, деп жазады Лайф.ру.



Назарларыңызға адамның үрейін алатын осыған ұқсас видеоларды ұсынамыз.

Киттер - сүйкімді, қауіп тудырмайтын әрі адамдарға шабуылдамайтын жануар. Бірақ алып жануар қайығыңның дәл алдынан атып шыққанда - бұл үрей тудырарлық.

Бұл видеода теңіз айдыны мүлдем қауіп тудырмайды. Ыстық күндері мұнда суға түспек болғандарды не күтіп тұр? Бейнежазба авторы мұның арты неге әкеліп соғуы мүмкіндігін көрнекі түрде көрсетеді.



Арыстан аса терең емес өзенді жүзіп өтпекші болады. Бірақ ол кейбір «тастардан», оның артынан мұқият аңдып отырған «тастардан» туындауы мүмкін қауіп жайлы ұмытып кеткен сыңайлы.



Ең тыныш деген сулардың өзінде әртүрлі тіршілік иесі жасырынуы мүмкіндігіне көзіміз жетті. Бірақ алып денелі бегемоттан мұндайды ешкім күткен жоқ.



Ал мына жаратылыс тығылуды мүлдем көздемеген. Бірақ ол балықшылардың қызыққа мұншалықты құмар екендігін білмеген болуы керек. 

Соңғы жаңалықтар