Тынық мұхитында 7,3 балдық қатты жер сілкінісі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тынық мұхитының Жаңа Каледония жағалауында 7,3 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды РИА Новости.

АҚШ Ұлттық геологиялық барлау қызметінің (USGS) мәліметтеріне сәйкес, зілзала кіндігі Тадин  қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 69 шақырымда болған. Жер сілкінісінің ошағы 25 шақырым тереңдікте орналасқан.

Цунами болуы мүмкін.

Зардап шеккендер туралы мәліметтер түскен жоқ.

Соңғы жаңалықтар