Тынық мұхитта 6,5 балдық жер сілкінісі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тынық мұхитының Вануату жағалауларында 6,5 магнитудалы жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі АҚШ-тың геологиялық қызметіне сілтеме жасап.

Зілзала ошағы Эспирату-Санто аралындағы Луганвилл қаласынан оңтүстікке қарай 414 шақырым қашықтықта орналасқан. Тереңдігі 196 км. Зардап шеккендер, қираған нысандар және цунами қаупі жайлы мәлімет тіркелген жоқ.

Айта кетейік, Вануату республикасы Австралияның солтүстік шығыс жағындағы Жаңа Гебрид архипелагының 83 аралында орналасқан шағын тынық мұхиттық мемлекет.  

Соңғы жаңалықтар