Twitter криптовалютаны жарнамалауға тыйым салуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Twitter әлеуметтік желісі криптовалютаны жарнамалауға тыйым салуы мүмкін, деп хабарлайды ТАСС компаниядағы дереккөзіне сілтеме жасап.

Оның мәліметтері бойынша, осындай шешім екі аптаның көлемінде қабылданатын болады. Twitter ICO жарнамасына (қаржы тарту мақсатында арнайы окендерді орналастыру), токендерді сатуға, сондай-ақ крюптовалюта биржаларына кейбір мәселелер бойынша тыйым салғалы отыр.

Осыған дейін Facebook желісі мен америкалық Alphabet хоодингі ұқсас шараларды қолданғалы отырғандығын мәлім еткен болатын.

Соңғы жаңалықтар