Түзеу мекемесіне есірткі алып өтпек болған түрме қызметкері сотталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  - Оңтүстік Қазақстан облысында түзеу мекемесіне есірткі алып өтпек болған түрме қызметкері сотталды, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Шымкент қаласындағы түзеу мекемесінің қызметкерін 10 жылға бас бостандығынан айырды.

«Сот талқылауында анықталғандай, түзеу мекемесінің қызметкері Н. жазасын өтеуші Б-мен 35 мың теңгеге оған азық түлік және есірткі заты «марихуананы» заңсыз мекеме ішіне өткізіп беруге келіскен. Мекеме қызметкері Н.-ге ақша мен есірткі заттың муляжын беру барысында ҚР ҰҚК ОҚО бойынша Департаментінің және ОҚО ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлерімен ұсталған» делінген соттың хабарламасында.

Сот айыпталушыны Қылмыстық кодекстің екі бабы,  24-бабының 3-бөлігі («Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу») және  297-бабының 3-бөлігі 4-тармағымен («Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу») кінәлі деп тапты. Оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Соңғы жаңалықтар