Түймебаев Шымкенттің жылу беру жүйелерінің жұмысымен танысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі жылу беру қазандықтарының жұмыс істеу жүйесімен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күн райының күрт суытуы облыстың шұғыл арада жылу маусымына дайындығын ширатты. Осы орайда аймақ басшысы басшысы бірқатар сала жетекшілерімен кездесіп, Шымкенттегі жылу беру қазандықтарының жұмыс істеу жүйесімен танысты. Алдымен аймақ басшысы әкімшілік іскерлік орталығында орналасқан қуаттылығы 160 Гкал болатын қазандықты көрді. Қазіргі кезде, аталған жылу беру орталығы арқылы 24 көпқабатты тұрғын үй мен  6 бюджеттік мекеме қазанның 17-сінен бастап, орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілуде. Өткен жылы іске қосылған бұл қазандықтың  бүгінде өз қуаттылығымен жұмыс істемей отырғанын алға тартқан қала басшылығы облыс әкімінен осы маңдағы көпқабатты үйлерге қосымша жылу құбырларын тарту үшін бюджеттен қаржы қарастыруды сұрады.Өз кезегінде облыс әкімі қаланың жылу беру жүйесін тиімді ететін арнайы сызба әзірлеуді тапсырып, жаңа қазандық салу бойынша ұсынысты келер жылдың бюджеті арқылы шешуді жүктеді.

Сонымен қатар,  аймақ басшысы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қолға алынған магистралды жылу жүйесінің қайта құру жұмысымен танысты.  Ұзындығы 6,5 шақырым болатын құбырдың әзірге 6 шақырымында жұмыс біткен.  Қалғанын жуық арада шұғыл бітіруді тапсырды. Бұдан соң, облыс әкімі бастаған жұмысшы топ  «3-Энергоорталық» АҚ-да болып, ондағы жұмыс барысын да қадағалады. Жылу жүйесінің дайындық барысын пысықтаған облыс әкімі сапар барысының қорытындысы бойынша бірқатар сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, тұрғындарды қазанның соңына дейін жылумен қамтамасыз етуді міндеттеді.

Соңғы жаңалықтар